Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Көкшетау қаласында білім беру мекеме қызметкерлерінің облыстық семинары өтті

Көкшетау қаласында білім беру мекеме қызметкерлерінің  облыстық семинары өтті

Көкшетау қаласы №1 Құрылыс техникалық колледжінде «Барлығымыз ортақ мәселе алдында біргеміз» тақырыбында облыстық  семинар өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Облыстық семинарға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова, білім басқармасы қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Наталья Степанова, Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі Әсел Молдахметова, «Bilimfoundation» ҚҚ басшысы Алмаз Нұрбақытов, «Bilim Foundation» ҚҚ ғылыми-әдістемелік департамент жетекішісі Лаура Әлиева, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу» ҚҚ басшысы Берік Ракушев, әдіскерлер, ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар әдістемелік бірлестігінің жетекшілері қатысты.

Семинардың мақсаты – бағдарламаны енгізу арқылы ата-аналармен, оқу үдерісінің  қатысушыларымен жұмыстың оң тәжірибесін тарату және оқу үдерісі қатысушыларының психикалық денсаулығын нығайту.

Күн тәртібінде «Білім ұйымдарында тәрбие жұмысы туралы», «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы жөнінде, «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша жұмыс тәжірибесін талдап қорыту», «Отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Шаңырақ» мектеп қоғамдастығының тәжірибесін талдап қорыту» сынды сұрақтар қарастырылды.

Секцияларда әлеуметтік желілердің бала психологиясына әсер етуі, оқу үдерісіне қатысушылардың күйзеліске қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру жөнінде айтылды. Сондай-ақ, әдістемелік бірлестіктің басшысы Ольга Понятова өз аудиториясында Көкшетау қалалық әдістемелік бірлестігі басшыларының нормативтік құжаттары жөнінде айтып берді. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің кәсіби бейімделу жөніндегі кеңесшісі Гүлжан Нұрғасымова ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудиториясында оқушылардың кәсіби бейімделуін қалай тиімді жүргізу керек екенін баяндады. Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді. 

16:42
3340
Нет комментариев. Ваш будет первым!