Көкшетауда кәсіпкерге орындалған тапсырысы үшін 2 млн теңге сомасында қарыз төленбеген
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жылумен жабдықтаушы ұйым тарапынан бюрократиялық кідірістерге тап болған ЖШС директоры жүгінді.
Өткен жылдың қараша айында кәсіпкер мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнына тауарды толық көлемде жеткізді, алайда тапсырыс беруші 2,4 млн теңге сомасында өз қарызын өтеуге асықпады.
Департамент уәкілетті органдарға ұсыныстар жібергеннен кейін Көкшетау Жылу бизнес субъектісіне жеткізілген тауар үшін ақшалай қаражат төледі.
Фото: newshub.kz