Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында «Жабай-2018» ашық су экспедициясы өтті

Ақмола облысында «Жабай-2018» ашық су экспедициясы өтті

Сандықтау мен Атбасар аудандарының аралығында Астана қаласының 20-жылдығына орай облыстық «Жабай-2018» ашық су экспедициясы өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Эспедицияны Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығы ұйымдастырған. Сондай-ақ, 100 шақырымға дейінгі қашықтықты қамтыған.

Аталған шараның мақсаты – жаппай су туризмін әйгілеу және одан әрі дамыту, қатысушылардың спорттық, техникалық және тактикалық шеберліктерін арттыру, туристтік көпсайыс бойынша облыстағы ең үздік командаларды анықтау.

Су экспедициясына Ақмола облысынан 25 адам қатысты. Қатысушылардың дені Көкшетау, Астана қалаларынан, сонымен қатар, Ақкөл, Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарынан келген. Ашылу салтанатында жарыстың бас төрешісі Е.Ефремов қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Жабай өзені бойындағы қозғалыс кезінде төтенше жағдайлар қызметкерлері қауіпсіздікті қадағалады. Экспедиция соңында барлық қатысушыларға анықтамалар мен дипломдар табыс етілген.

16:12
3160
Нет комментариев. Ваш будет первым!