Ақмола облысының Антикоры ТКШ саласындағы бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры ТКШ саласындағы проблемалық мәселемен жүгінді.
Белгілі болғандай, Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы ШЖҚ "Көкшетау Жылу" МКК өткен жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өнім беруші алдындағы борыштық міндеттемелерін орындамаған.
Кәсіпорын қарызды өндіріп алу туралы соттың атқару парағының болғанына қарамастан, 3,3 млн теңге сомасындағы өз қарызын өтеуге асықпады.
Проблемалық мәселе Департаменттің араласуынан кейін ғана өз шешімін тапты. Нәтижесінде, Көкшетау жылу бизнес субъектісіне атқарылған жұмыстар үшін толық көлемде төлем жасады.