Сот приставтарының сот процесстеріндегі рөлі
Сот төрелігінің сапалы жүзеге асырылуы —азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа, билікке сенім арттыруының кепілі. Өз құқықтарын қорғау мақсатымен сотқа жүгініп барған азаматты сот ғимаратында алғаш болып қарсы алатын сот приставтары. Сотқа келушілер тарапынан, сот мамандары мен басқа да тұлғаларға келуі мүмкін қауіп бетін қайтару сот приставына жүктеледі. Сотқа келген адамдарды алғаш қарсы алатын, тізімге тіркеп кіргізетін – сот приставы. Сот приставының қызметі – өте жауапты жұмыс.
Сот приставының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі міндеттері: 1) сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауын бақылау; 2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау; 3) іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу, тағы да басқа жауапты істерді атқару.Сот приставы – сот процесі кезінде залда тәртіп пен тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ететін лауазымды тұлға. Әрбір сот органының жанында сот приставы бөлімі қызмет етеді. Сот приставының өзіндік киім үлгісі, арнаулы қаруы болады. Сот приставы сот процесі кезінде іс жүргізуші судьяға бағынады. Сот приставы қызметінің ұйымдастырылуы мен құқықтық мәртебесі арнайы заңмен реттеледі. Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен адамгершілік нормаларын аттамай, құқықтық жүйенің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Ал сот приставы белгіленген құқықтар мен міндеттеріне осы игі істе сай өз септігін тигізеді.
Сөзімді аяқтай келе, сот приставының атқарар жұмысы жауапкершілікті, сабырлылықты, білімділікті талап етеді. Сот приставына қойылатын талапқа лайықты болуға әр кез дайынмын.
Ерік Құдайбергенов,
Ақмола облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының аға сот приставы.