Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысының ауданында өрт-тактикалық жаттығулары өтті

Ақмола облысының ауданында өрт-тактикалық жаттығулары өтті

Жарқайың ауданының «Универмаг» сауда үй ғимаратында жоспардан тыс өрт-тактикалык жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы сауда объектілерінің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, білім беру объектілерін тексеріс жүргізу туралы шешіміне сәйкес Державинск қаласындағы «Универмаг» сауда үйі ғимаратында Жарқайың ауданында жоспардан тыс өрт-техникалық тексеру ұйымдастырылды. Тексеру аяқталғаннан кейін Державинск қаласы 12-ӨСБ қызметкерлері сауда үйі ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық көмек көрсету және авариялық-қалпына келтіру бригадалары қызметтерін тарта отырып «Сауда объектілерінде өрт сөндіру» тақырыбына өрт-тактикалык жаттығуларын өткізді. Өрт-тактикалық жаттығулары бөлімшенің нақты объектілерінде жауынгерлік әрекетті іске асырудың ең негізгі тапсырмасы болып табылады. Тактикалық тапсырмаларды жүзеге асыру барысында қарауыл мен бөлімшелердің өрт сөндіру және адамдарды құтқаруда жігерлік пен тапқырлық танытып, жеке құрамның моральды-еркіндігін, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға бас назар аударылады.

Келісілген тактикалық шешімге сай, өрт ең күрделі учаскелерінде шартты таңдалып жеке құрамның өрт ошағына кірудегі ұзақ жол кезінде іскерліктерін тексеру үшін таңдалды. Жеке құрамның алдында сыртқы белгілері бойынша өрттің жағдайын байқау, нысанның өзара іс-қимылын, өртке барлау жүргізу, жауынгерлік іс-қимылдың шешуші бағытын анықтау, құралдарды таңдау, өрт сөндіру тәсілдерін оңтайлы жағдайын игеру, бөлімнің тактикалық мүмкіндіктерін қолдануын, өрттің қай жерден орын алғанын және тауарлы-материалдық құндылықтарын сақтау сияқты тапсырмалар тұрды.

Бұдан әрі шартты өртті сөндіргеннен кейін, Жарқайың ауданының төтенше жағдайлр бөлімі қызметкерлерімен өрттің алдын-алу мақсатында «Адамдар жаппай жиналатын нысандарда өрт туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы», «ең жақын эвакуациялық шығуына бағытталған ғимараттан эвакуациялану» және «бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері» тақырыптарында профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Атқарылған іс бойынша қорытындыға келгенде, Державинск қаласындағы 12-ӨСБ жеке құрамы берілген тапсырмаларды орындап шықты. Сауда үйлерінің әкімшіліктері бірлескен жұмыс үшін өрт сөндірушілерге өз алғыстарын білдірді.

12:00
3474
Нет комментариев. Ваш будет первым!