Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Көкшетауда «Akmola Golden Music Festival» Фестивалі өтті

Көкшетауда «Akmola Golden Music Festival» Фестивалі өтті

Көкшетау қаласы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Akmola Golden Music Festival» классикалық және халық  музыкасы фестивалі өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Ағымдағы жылдың көктемі Ақмола өңірінің музыкалық өмірі үшін естен кетпес, жарқын оқиғаларды ала келді және бұл фестиваль Көкшетаудың қоғамдық, музыкалық өміріндегі айтулы оқилардың біріне айналары сөзсіз.

2017  жылы бастау алған фестиваль көпшіліктің көңілінен шығып, қаншама игі тілектер мен өтініштер жинады, сол өтініштердің бірі - бұл іс-шара жалғасын тапса екен деген тілек болатын. Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шыққанына бір жыл толуына орай фестивальді жаңа үлгіде өткізетін болып шештік. Туа біткен табиғи талантымен көзге түсіп, тек Қазақстанда ғана емес, алыс және жақын шетелдерде де аты шығып, танымал болып жүрген жерлес, ақмолалық кәсіби музыканттарды тарту – фестивальдің құрылымдық идеясы болып табылады. Қазіргі таңда фестивальдің арқасында ұлы Абайдың әндері, халық әуендері мен Қазақстан композиторларының шығармалары еуропалық аспаптарға салынып Германия, Австрия, Италия мен Испанияда, Ресей қалалары: Мәскеу мен  Санкт-Петербургта, Волгоград пен Тулада, Омбы мен Челябі сахналарында  орындалып жүр.

Алғашқы күні фестивальдің көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың шығармашылық кешімен ашылды. Көрермендер Ақмола облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің орындауында кеш иесінің дирижерлік және композиторлық  шығармасын тыңдады.

Фестивальдің екінші күні жас, бәсекелесуге қабілетті, бастамашыл әрі талантты дирижерлер: Көкшетау қаласының тумалары - Руслан Баймурзин («Астана Опера» МОБТ), Берік Уразалин (Қостанай облыстық  филармониясы), бірнеше жыл қатарынан филармонияның симфониялық оркестріне жетекшілік еткен Алихан Идрисов («Астана Опера» МОБТ) және Әділет Азбаевтың (Астана қ.) қатысуымен Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде «Дирижерлар шеруі» өтті. Жас орындаушылар мен дирижерлердің кәсіби шеберліктері – бұл жетістіктің, алға қойған мақсатқа жетуге деген құлшыныстың, талпыныстың, отаншылдықтың үлгісі, меритократиялық қоғамды дамытуға қосқан үлестері.

Осы көлемді іс-шараның медиалық міндеті отандық және әлем музыкасының жауһарларын насихаттап жүрген облыстық филармонияның кәсіби ұжымдары  концерттің негізгі қатысушылары болып табылатындықтан, классикалық  және  халық музыкасының  ең үздік үлгілеріне  назар аударту әрі оны дәріптеу. 

15:07
3128
Нет комментариев. Ваш будет первым!