Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Көкшетауда республикалық семинар-кеңес өтті

Көкшетауда республикалық семинар-кеңес өтті

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес Көкшетау қаласы Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық – драмалық театрында ҚР БҒМ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен «2018 жылы қорытынды аттестаттауды және  Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» атты республикалық семинар – кеңесі өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Аталған семинарға Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай,  Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола облыстық және Астана қалалық білім бөлімдерінің делегациясы, мектеп директорлары және олардың орынбасарлары, Ақмола облысы білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты.

Кеңеске қатысушылардың алдында ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің білім беру мазмұны және әдістемесі басқармасының  бас сарапшысы Ботагөз Қабатова, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Тұрақты Ынтымақов,  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының қоғамдық – гуманитарлық білім беру зертхана меңгерушісі Бибігүл Мұхатаева сөз сөйледі. Олар 2018 жылы қорытынды аттестаттауды және ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелерін түсіндірді,сонымен қатар жаңартылған білім берудің мазмұнына көшу аясында қорытынды аттестаттау мен жаңа бағалау жүйесі бойынша нормативтік – құқықтық құжаттармен таныстырды.

Семинар - кеңестің соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

16:05
3153
Нет комментариев. Ваш будет первым!