Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Антикор балаларға қосымша білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіпкердің құқығын қорғады

Антикор балаларға қосымша білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіпкердің құқығын қорғады

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне ArtSport платформасында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде балалардың сабақтарын жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған жыл сайынғы өтінімді ұзарту кезінде әкімшілік кедергілерге тап болған жеке кәсіпкер жүгінді.

Белгілі болғандай, Атбасар ауданының кәсіпкері 2021 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс беруші ретінде 60-қа жуық балалар мен жасөспірімдерге тегін шығармашылық үйірмелер қызметін ұсынады.

Алайда, оқу бағдарламаларының жекелеген жағдайларының өзгеруіне байланысты ол үйірмелердің жұмысын уақтылы ұзарта алмады. Бұл бизнес субъектісінің қызметіне және балалардың сабаққа қатысуына кері әсерін тигізген.

Департамент ЖК және облыстық Мәдениет басқармасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізіп, нәтижелері бойынша кәсіпкердің өтінімі мақұлданды, ал шығармашылық үйірмелердің жұмысы жаңартылды.

Фото: tengrinews.kz

18:16
198
Нет комментариев. Ваш будет первым!