Ақмола облысында 200-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалған
Ақмола облысында жүк тасымалдаумен айналысатын 200-ден астам кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды.
209 жүк тасымалдаушы арнайы рұқсатсыз салмақ көлемінің артқаны туралы ҚазАвтоЖолдан хабарлама алды. Бұл бұзушылықтарды арнайы өлшеу құралдары анықтаған.
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті көлік прокуратурасымен, "Атамекен" ӨКП, көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп жүк тасымалдаушылардың рұқсат беру құжаттары мен өлшеу құралдарының техникалық сипаттамаларын зерделеді.
Қазавтожолдың жүк тасымалдаушыларға багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны туралы хабарлама жіберуге құқығы жоқ екені анықталды (ӘҚБтК 571-бабы).
Сондай-ақ, барлық жүк тасымалдаушылардың жүктерді тасымалдауға рұқсат құжаттары болған.
Кәсіпкерлердің шағымдарын қарау қорытындысы бойынша Қазавтожол құқық бұзушылық туралы барлық хабарламаларды кері қайтарып алды.
Осылайша, мемлекеттік органдар бизнес субъектілерін соттық дай-дамайға тартудың алдын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесті.