Ақмола облысының ауданында әлеуметтік маңызды мәселелер қаралды

Ақмола облысының ауданында әлеуметтік  маңызды мәселелер қаралды

Аршалы ауданында Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша қорытынды жиналысын өткізді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Жиналысқа басқарма басшысы Дина Ахметжанова төрағалық етті. Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжанов барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы ауқымды бағдарламалар бойынша ауданда атқарылар жұмыстардың маңыздылығы туралы атап өтті. Жиналысқа барлық аудан, қала әкімінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары мен жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, мамандары қатысты. Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының 2018 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы басқарма басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина баяндама жасады.

Күн тәртібіне сай, Аршалы аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, Ерейментау, Зеренді, Целиноград аудандары әкімдерінің орынбасарлары есеп берді. Келесі кезекте сөз алған «Е собес» АИС бағдарламасы және бейімдеу шараларын өткізу барысы туралы басқарма басшысының орынбасары А.Акбарова негізгі баяндаманы жасап, нақты мәселелерге тоқталып өтті.

Жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау бағдарламасы бойынша Аршалы ауданы алдыңғы қатарда бұл жұмысты жүргізіп, жыл басында «бір терезе» принципінде жұмыспен қамту орталығын ашқан болатын. Облыстан және аудан, қалалардан келген делегациялар жаңадан ашылған «Жұмыспен қамту орталығын» аралап, заманауи техникалармен жабдықталған, аудан тұрғындары үшін аса қолайлы ғимаратта орналасқандығын көріп, бірауыздан жақсы баға берді. Мәжіліс соңында облыстық басқарма басшысының орынбасары Ш.Рахматтулина аудандар мен қалалардың мамандарына арнайы семинар-кеңес ұйымдастырып, тестілеу жұмыстарын жүргізген. Жиналысты қорытындылаған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Д.Ахметжанова барлық көрсеткіштер бойынша алдағы екінші тоқсанда жұмыс атқарып, діттеген мақсаттарға жету үшін нақты тапсырламалар мен міндеттер жүктеді.

10:38
1874
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!