Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Нұр Отан» партиясының қоғаммен кездесуі өтті

«Нұр Отан» партиясының қоғаммен кездесуі өтті

Бүгін Көкшетауға Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы Қалдыбек Баимбетов келді. Қалдыбек Бақтыбайұлы партияның қоғамдық қабылдауына келіп, ақмолалықтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың  мәселелерін тыңдап, нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі қабылдауға келгендердің  дені Бурабай ауданынан келген азаматтар болды. Олар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына шағымданып, мемлекеттен пәтер алу, пәтер кезегінің жылжымауы, жалғыз баспаналары апатты деп танылған, алайда сан жылдан бері үйсіз жүргендер болды. Осы көп  мәселенің  ішінде қабылдауға келген екі адам назарды бей-жай қалдырмады. Оның біреуі 6 баланың анасы, бүгінде Көкшетаудың іргесіндегі «Нұрлы көште» пәтер жалдап тұрып жатқан Гүлмира Галимова. Гүлмира 7-нші  сәбиін күтіп отыр. Күйеуі – мал бағады екен. 6 қызы мектеп жасында, бәрі де сабақтарын жақсы оқып, спорттан да жетістіктерге ие дейді.  Шеттен келген қандастарға деп салынған «Нұрлы көштен» 20 мың теңгеге  үй жалдап тұрып жатқан оларды, үйдің иесі тез арада босатуын сұраған. Амалы таусылған отанасы «Нұр Отаннан» көмек сұрады. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Иван Юрченко  бұл отбасы пәтер кезегінде 2941 болып тұрғандығын айтып, тек заң жүзінде ғана жұмыс істейтіндігін айтты. Галимовтар отбасы жер берсе, мал өсіріп ауылға барып тұруға да қарсы еместігін білдірді. Үйсіз, үнемі  көшіп шаршаған отбасына көмектесудің бір амалын тауып беруге уәде беріп, көп балалын ананы жылатпай, жұбатып шығарып салды.

Ал Зеренді ауданының Еленовка ауылынан келген Есім ата осы елді-мекеннің атауын өзгерту қажеттігін айтты.  «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқып, орысша атаумен кеткен біраз елді мекеннің атауы қазақшаланып, ұлттық санамызды дүр сілкіндірген жаңалыққа жаным қуанды. Осы жумысты қолға алуымның себебі, бүгінде 385-тен астам үйі бар, оның 90 пайызында қазақтар тұрып жатқандықтан Еленовка атауын қазақшалауды сұрап келдім»,- дейді жасы 80-нен асып кетсе де ұлттың мүддесін ойлап келген  ауыл ақсақалы Есім Хасенов.

Мемлекеттік инспектор елді мекен, жер су аттарын қазақшалауға келгенде өз ата-бабасының ерлігін айтып, әр кім өз тегін беруге тырыспай, онамастика комиссиясының қарауына салып таразылансын деген тапсырма берді аудан әкімі Мереке Мұстафинге хабарласып.

2 сағаттан артық қабылдау жүргізген Қалдыбек Бақтыбайұлы әр өтініш иесінің сұрағы жеке бақылауында болып, 30 күннің ішінде нақты жауап берілетіндігіне сендірді. 

10:35
3265
Нет комментариев. Ваш будет первым!