Кешегі Ішкі әскер - бүгін Ұлттық ұлан...
Құрметті офицерлер және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар! Ардақты ардагерлер! Қадірменді қонақтар!
Біздің ата-бабаларымыз өздерінің әскери ерліктерімен өз халқының қауіпсіздігі үшін ерлік пен батырлық үлгілерін көрсетіп, ұлы даланың кең байтақ жерін сақтап, келер ұрпаққа аманат етті. Ұлттық ұлан жауынгерлері, батырлар ерлігінің мұрагерлері ретінде халық пен тәуелсіз елімізді қорғап, азаматтардың тыныштығы күзетінде әрдайым әзір болып тұрады.
Бүгін, 10 қаңтар - Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін ерекше күн. Себебі, біз өзіміздің кәсіби мерекеміз - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан күнін тойлаймыз. 1992 жылы құрылған кұкықтық тәртіп әскерлеріне биыл 31 жыл толып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын, тыныштығы мен бейбіт тірлігін кірпік қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған Ұлттық ұланның айбыны арта берсін, еңбектеріміз жемісті болсын, әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын дегім келеді!
5510 әскери бөлімінің жеке құрамы өздерінің қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды табысты орындауын жыл сайынғы дәстүрге айналдырды десек те болады. Оған дәлел, 2021 жылы атестацияны сәтті өтуі, 2022 жылы Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша жауынгерлік міндетті 2 мәрте орындауы және Қостанай облысындағы өрт апаты зардаптарын жоюы.
Ұлттық ұлан шебінде тұрған әрбір жауынгер өз жерін, елін, атамекенін қорғау жолында күнделікті дайындық жүргізіп, шымырлық пен күш-қуатын арттыруда.
Өйткені, мемлекет іргесінің берік те қуатты болуы әскердің жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейде болуына тікелей байланысты. Сол себепті үнемі қырағылық күзетінде жүрген, бар өмірін әскери іске арнап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан, баршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Азамат Смағұлов,
5510 әскери бөлімінің командирі,
полковник.