Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Әкімшілік процеске қатысушылар және өзге де адамдар

Әкімшілік процеске қатысушылар және өзге де адамдар

Әкімшілік іс дегеніміз – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру барысы мен нәтижелерін және сотта жария-құқықтық даудың қаралуын тіркеп-бекітетін материалдар. Әкімшілік талап қою– жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап.

Қазақстан Републикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес мемлекеттік және әкімшілік органдар , лауазымды адамдар мен жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып саналады.

Талап қоюшы ,жауапкер,прокурор, мүдделі тұлға - әкімшілік процеске қатысушылар .Ал әкімшілік іске қатысатын өзге адамдар ретінде куә, маман мен срапшы және аудармашы қарастырылған.

Талапкер мен жауапкер процестің тараптары болып саналады,олар құқық туралы дауларын сотта шешетін адамдар.

Талап қоюшы – өзінің бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын,бостандықтарын заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген адам.

Арыз иесі- әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға,лауазымды адамға жолданым берген адам,сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын ,әкімшілік әрекет жасалатын адам

Жауапкер- сотта талап қою берілген әкімшілік орган немесе лауазымды адам.

Әкімшілік орган- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым.

Лауазымды адам – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес , әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген адам.

Сарапшы- арнайы ғылыми білімі бар адам.Сот әкімшілік процеске қвтысушылырдың өтінішхаты бойынща немесе өз бастамасы бойынша сот сараптамасын тағайындайды.

Аудармашы- әкімшілік іске мүдделі емес, әкімшілік сот ісін жүргізу жүзеге асырылатын тілді білетін,бар тілден екінші тілге аудару үшін қажетті білімі бар адам.Және де саңыраумен , мылқаумен қарым-қатынас жасау техникасын еркін білетін адам.

Куә- әкімшілік істі қарау және шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайлар туралы мәліметтерді білуі мүмкін адам.

Куә ретінде жатпайтын тұлғалар – қарауға өз қатысқан суья,өзінің не жасының толмауына не психикалық немесе дене кемсіктеріне орай әкімшілк іс үшін маңызы бар мән-жйайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақтар беруге қабілетсіз адам.

Динара Вербицкая,

Ақмола облысының мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік соты кеңсесінің –

жетекші маманы. 

10:07
435
Нет комментариев. Ваш будет первым!