Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Аутизм мәселесі көкшетаулықтардың назарында

Аутизм мәселесі көкшетаулықтардың назарында

Көкшетау қаласында №1 Облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында Ирина Костицынаның жетекшілігімен дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарынан құрылған «Жаңа әлем» бастамашыл тобы бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні қарсаңында ойын-сауық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы.

Аталған шараның бағдарламасында балалар туындыларының көрмесі, «Әке, анам, мен ...» байқауы, аниматорлармен қимыл-қозғалысойындары, сазды шоу, сабын көпіршіктері, және тағы басқалар болды.

Аутизм – өмірдің алғашқы үш жылында пайда болатын тұрақты дамудың бұзылуы және мидың жұмыс істеуіне әсер ететін неврологиялық бұзылулардың нәтижесі. Аутизм негізінен гендерлік, нәсілдік немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан балаларға әсер ететіндігі анық.

1 Облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының директоры Ольга Бурдинскаяның айтуынша, бүгінгі таңда мектепте 286 бала оқытылады, оның отыздан астамы аутизм диагнозымен. Мұндағы оқытушылар дефектолог мамандар, әрі олар балалармен жұмыс жасауда үнемі түрлі әдістерді қолдануға тырысады.

Айта кету керек, бастамашыл топтың қатысушылары аутизм ауруына шалдыққан балалардың отбасыларын қоғамдық орындарда кездестірген жағдайда өз-өзін қалай ұстау керектігін халыққа хабардар ету үшін парақшалар, ақпарат постерлерін басып шығарып, сауда орталықтарында, емханаларда, балалар сауықтыру орталықтарында іліп қойған.

Іс-шараға Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Виктор Молодовский, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ибраев, білім басқармасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенттері қатысты.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздік» алаңында жастар ұйымдарының өкілдері, атап айтқанда, «Думан» педагогикалық құрамы, еріктілер, «Дрим» біріккен тәрбиешілер одағы және облыстық «Юность» педагогикалық құрамының ұйымдастыруымен аспанға көк түсті шарларды ұшырды.

«Юность» педагогикалық құрамының төрайымы Маргарита Михаленко: «Аспанға көк түсті шар ұшыруым аутизм ауруымен көбінесе ер балалардың ауыруымен байланысты», - дейді.

17:54
3579
Нет комментариев. Ваш будет первым!