Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Аршалы ауданында «Арқаның ән дәриясы» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті

Аршалы ауданында «Арқаның ән дәриясы»  атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті

Аршалы ауданының мәдениет үйінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ақмола жұлдыздары» фестивалінің аясында «Арқаның ән дәриясы» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Байқауда Ақмола облысының барлық аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 80-ге жуық үздік дәстүрлі әншілер бақ сынасты. Әділ-қазылар алқасының мүшелері Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева болды. Аталған мәдени іс-шара дәстүрлі ән дауысының әдемілігімен, қазақ халқының рухани мәнін білдіретін дәстүрлі қазақ халық әндерінің орындалуымен ерекшеленді.

Қатысушылар домбыра, жетіген, қобыз, сазсырнай, шаңқобыз сияқты дәстүрлі аспаптарын пайдалана отырып, халық композиторлары шығармаларын орындады. Жас орындаушылар өнерлерімен елдің тарихи байлығына, халық мұрасына жаңа тыныс беріп, қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, көрермендер қошеметіне бөленді.

Сонымен қатар, байқау аясында аудан қонақтарына «Атадан қалған ұлттық мұра» атты орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен көрме көрсетілді. Көрмеге халық өнерінің шебері Бану Аленова және халық әндерін орындаушы Мұратхан Әуезбеков қатысты. Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында Аршалы ауданының энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

17:21
3803
Нет комментариев. Ваш будет первым!