Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Наурыз аруы -2018

Наурыз аруы -2018

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды насихаттау мақсатында «Достар» мәдениет сарайында қыздар арасында «Наурыз аруы-2018» атты қалалық байқау өттi, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Байқау өзiн-өзi таныстыру, салт-дәстүрлер, «Көктем» тақырыбында сәндік киім көрсету, әдет-ғұрыптарға қатысты сұрақтарға жауап беру, шығармашылық өнерiн көрсету (өз қалауы бойынша) сияқты 4 кезеңді қамтыды.


Арулар бар өнерлерiн ортаға салып, өздерiн барлық қырынан көрсетуге тырысты. Бiреулерi өлең жолдарын оқу өнерiмен тамсандырса, екiншiлерi мың бұралған билерiмен таң қалдырды.


Байқау қорытындысы бойынша орындар келесiдей анықталды: Жүлделi I-орынға Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогика колледжiнің студенті Фариза Еншілес ие болды. II-орынды Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенті Аяулым Камидоллина мен Көкшетау жоғары медициналық колледжінен келген Диана Алпысбаева алды. Ал, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінен қатысқан Гүлғайша Жагслаг мен №18 «Мирас» балабақшасынан Гүлзада Далдиева ІІІ-орынды еншіледі.


Сондай-ақ, қатысушылар «Парасатты», «Көрермен көзайымы», «Дарынды», «Білімді» номинациялары бойынша марапатталды.

14:33
3277
Нет комментариев. Ваш будет первым!