Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Көкшетау қаласындағы NIS зияткерлері ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері атанды

Көкшетау қаласындағы NIS зияткерлері ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері атанды

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары желілік ғылыми жобалар байқауында 5 жүлделі орынға ие болды: 1 екінші орын және 4 үшінші орын. Оқушылар келесі секциялар бойынша жобаларды ұсынды:информатика, физика, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, өлкетану.

11-сынып оқушысы Асылхан Қали «Aq Zhol» — жүргізушінің күйі мен мінез-құлқын бақылау жүйесі бар екі камералы бейнетіркеу құралын ұсынып, II орынға иеленді.
«Ұзақ жолды еңсеру, сонымен қатар ұйқышылдық пен шаршаумен күресу қажет болған жағдайлар әрбір жүргізушіде болды деп ойлаймын. Бұл ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан ЖКО-ның алдын алу, сондай-ақ жүргізушінің күйі мен мінез-құлқын талдау жүйесі бар бейнетіркеу құралын жасадық. Біздің команда бұл жоба аясында ұзақ уақыт бойы жұмыс жасады. Мен бұл идеяға шын жүректен сенемін, өйткені адамдардың өмірін құтқару сияқты мақсат мені ынталандырады және шабыттандырады», — дейді жоба авторы, Асылхан Қали.

Ал 10-сынып оқушылары Бану Садвокасова мен Аружан Құстүтін «Қайсар тұлға, қажырлы қайраткер—Еркін Әуелбеков» атты жобасын таныстырды.

«Біздің жобамыздың басты мақсаты Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың еліміздің дамуына қосқан ерең еңбегін ұлағаттау. Қайраткердің атқарған істері арқылы оның тарихи маңызына толық баға беру. Бұл жобамыз арқылы жастарда ағамыздың ақ адал өмір принциптері мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырамыз деген ойдамыз», — дейді жоба авторлары. Бұл жоба III орынға ие болды.

12-сынып оқушысы Аида Тұрсынның «Менің өлкемдегі қазақ халқының географиялық атаулары» жобасы және 11-сынып оқушысы Асанәлі Кәрімнің «Радиолокациялық технологияны қолдану көмегімен ЖКО алдын алу жүйесі», сондай-ақ 9-сынып оқушысы Алуа Қыдырбайдың «Жүгеріні жаңартылатын энергия көзі ретінде қолдану» жобалары да III орынға иеленді.

13:35
383
Нет комментариев. Ваш будет первым!