Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында аудармашылар біліктіліктерін арттыруда

Ақмола облысында аудармашылар біліктіліктерін арттыруда

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының мультимедиалық кабинетінде «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен онлайн режимде «Аудармашы тұлғасы және аудармашылық құзыреттілікті қалыптастыру» атты курсы өтуде, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Курсты Астана қаласынан келген филология ғылымдарының кандидаты, «Үздік аудармашы» республикалық конкурсының бас жүлдегері, ілеспе аудармашы Камал Әлпейісова өткізді.

Аталған курстың мақсаты – мемлекеттік мекемелердегі аударма жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру, сапалы аударма ісіне үйрету.


Іс-шараның бағдарламасы бойынша курс қатысушыларына «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты», «Аудармашы тұлғасы», «Аударма түрлері», «Аудармашылық құзыретті қалыптастыру» тақырыптары бойынша дәрістер берілді. Сондай-ақ, курс барысында практикалық жұмыс та қолданылды.


Мұнда Ақмола облысындағы мемлекеттік мекемелердегі аударма жасайтын мамандар қатысты. Аудандар мен қалалардағы аударма жасайтын мамандар аталмыш курсты тұрғылықты жерде онлайн режимі арқылы өткен.

Курстың соңғы күнінде қатысушыларға сертификаттар табыс етілетін болады.

16:39
3528
Нет комментариев. Ваш будет первым!