Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Облыс әкімі жер қатынастары саласының қызметкерлерін марапаттады

Облыс әкімі жер қатынастары саласының  қызметкерлерін марапаттады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес, наурыздың екінші сенбісі «Жерге орналастыру, геодезия және картография күні» мерекесі болып анықталды. Бұл туралы Көкшетау қаласында өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Осыған орай Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаевтың төрағалығымен аудандар мен қалалар әкімдері орынбасарларының, облыстық және қалалық жер қатынастары басқармаларының, сәулет және қала құрылысы басқармаларының, жер кадастры бөлімшелерінің жер учаскелері іс-шараларының қорытындылары бойынша кездесуі өтті. Отырыста қозғалған тақырып – 2017 жылға дейінгі қарым-қатынастар және 2018 жылға арналған міндеттер туралы болды. Бұл кездесу жерге орналастыру, геодезия және картография күніне орай ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жер қатынастары саласындағы негізгі қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

10:50
3301
Нет комментариев. Ваш будет первым!