Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Көкшетауда РК Президенттігіне кандидат Қ.Қ.Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының тұсаукесері өтті

Көкшетауда РК Президенттігіне кандидат Қ.Қ.Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының тұсаукесері өтті

Республика күні қарсаңында «Amanat» партиясының Ақмола облыстық филиалында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Қ.Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының тұсаукесері өтті. Облыстық штаб төрайымы Айна Мысырәлімова халықтық коалиция мүшелеріне үлкен саяси шараға дайындық барысын баяндады.

Сайлауалды штабының басты міндеті – Президенттікке кандидат Қ.Қ.Тоқаевқа сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге сенім білдірілген адамдарына ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша үгіт-насихат шараларын ұйымдастыру және өткізу .

Халықтық коалициядан президенттікке кандидаттың Республикалық қоғамдық штабы жұмысының басталуымен өңірлерде де жергілікті сайлауды өткізуге арналған штабтары ашылды.

«Бүгінде партияның Ақмола облыстық филиалы сайлауалды науқанның үгіт-насихат кезеңіне толықтай дайын: барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенділер мен сенімді азаматтар топтары жасақталды. Облыста 1 облыстық және 19 аумақтық қоғамдық штаб құрылды. Олардың ішінде 476 адам бар. Штабтардың 43,4 пайызы әйелдер, 25,3 пайызы18-35 жас аралығындағы жастар, 9,8 пайызы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары. Штаб мүшелерінің қатарында облысымызға белгілі, беделді азаматтар: депутаттар, кәсіпорын басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, жастар бірлестіктерінің өкілдері, спортшылар бар. Олардың барлығы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ.Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері», - деп атап өтті өз сөзінде А.Мысырәлімова.

Жалпы, Ақмола облысы бойынша президенттікке кандидаттың 2151 сенім білдірілген адамы тіркелген. Сайлау күні олар облыстағы 717 сайлау учаскесін аралап, дауыс беру барысын бақылайды. Сондай-ақ 139 бақылаушыға 1434 жылжымалы капитан анықталды. Айна Ермекқызының айтуынша, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін облыстық штаб жанынан 450 белсенді жастар қанаты да құрылған.

«Әкімдіктердің қаулысына сәйкес үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін 595 орын және рұқсат құжаттары бар 369 қосымша орын белгіленді», - деп қосты А.Мысырәлімова.

Осылайша, қол жинауға штаб мүшелері, кандидаттың сенімді өкілдері белсенді түрде қатысты. Жалпы, партия мүшелері Қ.Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға 17 мыңнан астам қол жинады.

Ақмола облысындағы сайлау науқаны аясындағы штабта барлығы 2500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Сенім білдірілген адамдар Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылау үшін сайлаушылармен кездеседі, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін, тілектерін, ұсыныстарынқабылдайды. Халықтың сауалдарын, ұсыныстары мен өтініштерін жинау үшін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді.

Кездесуді қорытындылаған А.Мысырәлімова ақмолалықтардың алдағы президенттік сайлауға белсене атсалысып, сол арқылы Қазақстандағы достықты, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға халықты бұрынғыдан да жұмылдыратынына сенім білдірді.

Шара барысында партия жұмысына белсене атсалысқан ақмолалықтар қатарында 23 адам «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, 26 адам «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

16:43
349
Нет комментариев. Ваш будет первым!