"Люди – наше главное богатство, главный двигатель экономического и общественного прогресса" - Токаев
Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на торжественной церемонии вручения государственных наград и премий, передает 716.kz со ссылкой на Акорду.
"Уважаемые соотечественники!
За три с половиной года благодаря конструктивному диалогу и гражданской консолидации мы добились ощутимых успехов в политической модернизации и демократизации страны. Сумели серьезно укрепить систему защиты прав человека. Запустили процесс кардинальной трансформации и обновления государственного аппарата. Значительно расширили возможности для созидательной общественной активности и политического участия.
Мы предприняли решительные шаги для повышения качества жизни граждан, демонополизации экономики, развития честной и открытой конкуренции. Проголосовав на республиканском референдуме за поправки в Конституцию, мы придали ей дух истинной справедливости и подлинной демократии. Голос нашей страны на международной арене стал звучать еще весомее.
Мы последовательно укрепляем свою роль в региональной и глобальной политике, неизменно продвигая ценности мира и сотрудничества, взаимного уважения и доверия. В условиях беспрецедентной геополитической напряженности мы твердо придерживаемся фундаментальных принципов миролюбивого и конструктивного внешнеполитического курса.
Многие духовные лидеры, крупные государственные деятели, выдающиеся ученые и бизнесмены неизменно подчеркивают наш уникальный вклад в построение гармоничного будущего и устойчивый прогресс человечества. Все это стало возможным благодаря единству и сплоченности нашего народа, стабильности и согласию в обществе.
Егемен ел болу оңай емес, бірақ елдікті сақтап қалу одан да қиын. Біз қастерлі тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсуге тиіспіз. Сондай-ақ еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы кедергінің бәрінен арылуымыз керек. Одан әрі даму үшін жаңа стратегиялық бағдарымызды айқындау маңызды.
Соңғы жылдары түрлі салада түбегейлі реформалар қолға алынды. Мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталды. Мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру. Қазір біз осы күрделі жолдың басында тұрмыз.
Мен үшін халықтың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік. Сол себепті мен осы стратегиялық бағытты еліміздің басты бағдары ретінде жарияладым. Бұл жолдағы барлық жауапкершілік жүгін арқалауға дайынмын. Біз ауқымды конституциялық реформа жүргізіп, елімізді түбегейлі қайта құруға кірістік.
Результаты выборов, которые пройдут 20 ноября, заложат новую политическую традицию ответственного президентства, ограниченного однократным семилетним сроком. Эта традиция утвердит механизм цивилизованной и регулярной смены верховной власти, поставит заслон для попыток ее монополизации.
Намеченные на следующий год выборы депутатов Мажилиса и маслихатов всех уровней станут важным водоразделом в развитии казахстанского парламентаризма. Их результаты станут прямым отражением проводимой нами политической модернизации, которая направлена на расширение участия граждан в управлении государством, обеспечение инклюзивного представительства всех социальных групп.
Таким образом, мы перезагрузим и укрепим ключевые институты нашей политической системы, зададим устойчивый вектор для долгосрочного государственного строительства.
Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын орнықтырамыз. Еліміздің жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаты – барша азаматтарымыздың әл-ауқатын қамтамасыз ету болмақ. Бұдан былай қолдан жасалған барлық монополиялар келмеске кетеді.
В экономике Справедливого Казахстана не будет места фаворитизму. Наша экономическая политика будет нацелена на достижение реальных целей во имя долгосрочных интересов государства. Ее суть заключается не в погоне за абстрактными цифрами экономического роста, а в создании широких возможностей и равных условий для самореализации граждан, неуклонном повышении качества жизни всех соотечественников.
Мы продолжим реформу судов и правоохранительной сферы с тем, чтобы на деле обеспечить верховенство права. Закон и порядок станут базовым фактором повышения доверия граждан к государству.
Люди – наше главное богатство, главный двигатель экономического и общественного прогресса. Поэтому мы будем наращивать стратегические инвестиции в человеческий потенциал, всячески поддерживать нашу молодежь и социально уязвимые категории граждан. В конечном счете, мы должны перезагрузить всю систему ценностей и сформировать новое качество нации.
Қадірменді қауым!
Әділетті Қазақстанды құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Біз ұлт болып ұйысып, парламент дәстүрі барынша орныққан, президенттік республика құрамыз. Жаңа Қазақстанның түпкі мәні де – осы.
Ұлттың шынайы ұлылығы дегеніміз бұл – ең алдымен, оның азаматтары, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі және елдің өркендеуі үшін жасаған адал еңбегі. Осы ұлық мереке қарсаңында ерлігі мен еңбегін ел мойындаған бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым.
Биыл еліміздің ең жоғарғы «Халық қаһарманы» атағы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қайырбек Шошанұлы Сүлейменовке берілді. Ол ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында қалтқысыз қызмет етіп, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға ерекше үлес қосты. Қазір де қоғамдық жұмысқа белсене қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге атсалысып жүр.
Ал, қазақтың көрнекті қаламгері Дулат Исабеков руханиятымызды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Сексеннің сеңгіріне шығып жатқан әйгілі жазушының шығармашылық жолы қалың жұртшылыққа мәлім, шетелде де танымал.
За выдающиеся достижения в производственной деятельности звания «Қазақстанның Еңбек Ері» удостоен главный директор агрохолдинга «АтырауАгроӨнімдері» Владимир Розметов.
Маусым айында мен қазақ руханиятында өшпес із қалдырған әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойғанымды білесіздер. Бұл – шын мәнінде, әділ қабылданған шешім деп ойлаймын. Қазақ әнінің патшасы, қайталанбас құбылысқа айналған даңқты композитордың әндері халқымызбен бірге мәңгі жасай береді. Әнұранымыздың авторына арналған жоғары мемлекеттік марапат оның ұлы Мұхтар Қалдаяқовқа тапсырылады.
Бүгін танымал өнер қайраткері Гүлжаһан Әспетова «Отан» орденімен марапатталды. Белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов және танымал жазушы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов бірінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Екінші дәрежелі «Барыс» ордені Семейдегі Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шағангүл Жанаеваға және ақын Өтеген Оралбаевқа берілетін болды.
Заңгерлер қауымдастығының төрағасы Серік Ақылбай, халқымызға белгілі әнші Татьяна Бурмистрова және қоғам қайраткері, экономист Жақсыбек Құлекеев үшінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Еліміздің руханият саласына зор үлес қосқан бір топ азамат Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Осы сыйлыққа талантты ақын Ғалым Жайлыбай, танымал қаламгерлер Кәдірбек Сегізбай мен Тұрысбек Сәукетаев, дарынды опера әншісі Кенжеғали Мыржықбай, белгілі актер, режиссер Нұрқанат Жақыпбай, суретші-мүсінші Сембіғали Смағұлов және күйші-композитор Секен Тұрысбек ие болды.
Алматыдағы балаларды оңалту орталығының директоры Шолпан Бөлекбаева, қызылордалық меценат Марат Дүйсенбаев және Петропавлдағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың мұғалімі Константин Рыб «Парасат» орденімен марапатталды.
Почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» присуждается директору музыкального колледжа имени Құрманғазы Нуржану Сертекову, художнику Евгению Смурыгину, а также заместителю главного редактора журнала «Простор» Любови Шашковой.
За большой вклад в сотрудничество между Казахстаном и Россией орденом «Достық» ІІ степени награжден президент компании «Татнефть» Наиль Ульфатович Маганов.
«Жауынгерлік өнер» қауымдастығының бас директоры Сәрсен Құранбекке, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдырға және Ұлттық құрылтайдың мүшесі Сергей Худяковқа «Құрмет» ордені тапсырылады.
Металлургия саласындағы отбасылық еңбек өтілі 442 жыл болатын әулеттің үлкені Мұханбет Әйтеновке екінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені беріледі. Елімізді дамытуға күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Әділетті Қазақстанда оларға әрдайым құрмет көрсетіледі. Біз мұны игі дәстүрге айналдырамыз. Осыған орай бүгін бірқатар еңбек адамдары үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталатын болды.
«Бір адамның өмірін құтқару – бүкіл әлемді құтқарумен тең» деген сөз бар. Бейбіт өмірдің өзінде батырлық пен ерлік жасауға болады. Біздің ортамызда осындай батырлар бар. Сәбит Шонтақбаев көп қабатты үйдің терезесінен құлауға шақ қалған сәбиді аман алып шықты. Ал, Райымбек Медетбек қоғамдық орында шабуылға ұшыраған әйелді өлімнен құтқарды. Бұл азаматтарға «Ерлігі үшін» медалі тапсырылады. Басқа да көптеген азаматымыз жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды
Қадірлі қауым!
Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын! Бәріміздің мүддеміз – бір, мақсатымыз – ортақ. Біз Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын бекітіп, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Осы қастерлі міндетті бәріміз бірге орындаймыз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір. Ендеше, әрдайым бірге болайық, ағайын! Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Сіздерді Республика күнімен тағы да құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!" - отметил Президент.
