Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Астрахан ауданының жастар ресурстық орталығы белсенді жұмыс жасауда

Астрахан ауданының жастар ресурстық орталығы  белсенді жұмыс жасауда

Астрахан ауданының жастар ресурстық орталығы жаңа жұмыс аптасын КВН-нан бастады, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Аудандық білім бөлімі мен мәдениет үйінің қолдауымен жастар ресурстық орталығының кубогына КВН ұйымдастырған. Мұнда Астрахан ауданының үш командасы, яғни, №1 АОМ «Жеті қазына», №2 АОМ «64 үй» және №6 АОМ «АТК жастары», сондай-ақ, Есіл аудандық «Президенттің балалары» командасы қатысты.

Мәдениет үйінде өткен іс-шараның қорытындысы бойынша, құрметті бірінші орынды «64 үй» командасы иеленіп, жастар ресурстық орталығының кубогымен марапатталды. Жүлделі екінші орынды «АТК жастары» иеленсе, есілдік «Президенттің балалары» үшінші орынды қанжығаларына байлаған. Қатысушы топтар мақтау қағаздарымен және сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ, Астрахан ауданының жастар саясаты орталығы бұған дейін шайбалы хоккейден де жарыс өткізген болатын. Аталған жарыс аудан орталығындағы хоккей алаңында өтті. Хоккейге Астрахан, Лозовое және Жалтыр ауылдарының командалары қатысқан. Жарыс өте қарқынды әрі қызықты өткен. Қорытындысы бойынша: үшінші орынды Лозовое, екінші орынды Жалтыр селосының командасы алса, кубогтың иегері Астрахан командасы атанған. Бұдан бөлек, спортшылар бірнеше номинациялар бойынша сыналып, сертификаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

18:36
3617
Нет комментариев. Ваш будет первым!