Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Мәскеуге тамаша саяхат

Мәскеуге тамаша саяхат

Өткен аптада Мәскеу қаласында «Қазақстан - Ресей: шексіз ғылым» атты оқушылар мен студенттердің III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Онда Есіл балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылған болатын, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Балалардың келуінің алғашқы күнінде үлкен Мәскеу циркіне, «Царевна-Несмеяна» қойылымына барған. Мұнда олар көптеген жағымды эмоциялар алып, жақсы әсерлер мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленген. Аренада кәсіби гимнасттар мен акробаттар, талантты әртістер мен бишілер өнер көрсетіп, барлық көрермендерді таң қалдырған.

Екінші күн сәл қобалжулы болады. Өйткені ол күні балалар кәсіби қазылар алқасының алдында өнер көрсетіп, өз жобаларының маңыздылығын және мағыналығын дәлелдеу керек.

Жалпы, конференцияға Қазақстанның барлық өңірлерінен 60-тан астам қатысушы аттанған болатын. Бұл оңай емес, бірақ әр қатысушы өзінің жобасын жоғары деңгейде біліп қана қоймай, қазылар алқасының кез-келген сұрағына жауап бере алды.

Жоспар бойынша, іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылар Мәскеу қаласына экскурсия жасады. Балалар әйгілі Қызыл алаңды аралап, храмдар мен көрме-жәрмеңкеге барып, театрландырылған қойылымдарды тамашалаған. Сондай-ақ, әртүрлі архитектуралық ескерткіштерді, ғарышкерлердің ескерткішін және ғарышкерлер аллеясын көріп, таң қалысқан.

Қатысушылардың өнерлерін Қазақстан Республикасының көрнекті қайраткерлері мен үздік оқытушыларынан тұратын кәсіби қазылар бағалады. Конкурстың қорытындысы бойынша «Спорт менің өмірімде» және «Құрақ құрау қиялға қанат бітірер» жобаларымен Эдуард Шараев пен Евгения Гайнутдинова І орынға ие болған. Жетекшілері – Светлана Мозалевская мен Айман Кауметова. Сонымен қатар, Анастасия Бабошина, Евгения Моорг, Александра Ляшенко қатысқаны үшін алғыс хаттарымен марапатталған.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін оқушылар конференция ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, «МАНЭИиП» ҚҚ-ның төрағасы Талғат Төремұратовқа өздері жасаған осы жылдың символы – ит пен «ЖАҢА DАY» газетінің арнайы санын сыйлаған.

14:56
3385
Нет комментариев. Ваш будет первым!