Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Спортқа ден қойған ақмолалықтардың саны күннен-күнге артып келеді. Себебі, өңірде бұл үшін бар жағдай жасалуда. Мәселен, жуырда Ерейментау ауданында "AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасы аясында аудан тұрғындарына түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Кең ғимаратта спорттың сан түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Қаланың ересектері мен балалары, жасөспірімдері осы орталыққа барып, демалып, денсаулықтарын шыңдай алады. Ол үшін спорттық кешенде барлық жағдай жасалған. Кешен ғимараты бірнеше бөліктерден тұрады. Орталықтың астыңғы қабатында үлкендерге және балаларға арналған екі үлкен су бассейні және волейбол, баскетбол және шағын футболға арналған үлкен зал орналасқан.

Үстіңгі қабатта күрес залы және жаттығу залдары бар. Жаттығу залында дене шынықтыруға арналған көптеген заманауи құрылғылар орнатылған. Бұдан бөлек ғимарат ішінде жуынатын душ, киініп-шщешінетін бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, дәрігерлік бөлме, т.б. орналасқан. Кешен іші түгелдей жихаздармен, қажетті құралдармен жабдықталған. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануға осындай орталықтың тигізер ықпалы мол болары сөзсіз. 

17:44
253
Нет комментариев. Ваш будет первым!