Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Депутаттық фракция отырысы білім беру мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірлесіп өтті

Депутаттық фракция отырысы білім беру мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірлесіп өтті

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында өткен депутаттық фракция мен білім беру мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында өңір халқын толғандырып отырған бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды. Бұл біріншіден, әлеуметтік маңызы зор азық-түлік бағасын тұрақтандыру, күзгі орақ науқаны қарсаңында шаруалардың жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі және партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау аясында мектептер мен студенттер жатақханаларының құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізілуі болды.

Алдымен білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды. Облыстық білім беру басқармасының жетекшісі Бейбіт Жүсіповтың айтуынша, өңірдегі 546 мектепте биыл 136 мың оқушы білім алмақ. Ағымдағы жылы күрделі жөндеуден Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Бурабай, Біржан сал, Жарқайың, Целиноград аудандары мен Көкшетау мен Степногорск қалаларының барлығы 13 мектебін өткізу жоспарланған. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 2 489,8 млн.теңге бөлінген. Жаңа оқу жылына дейін 9 мектеп қана дайын болмақ, қалған екеуі бойынша жұмыстар қазан айының ортасында аяқталады деп күтілуде.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Марат Әубәкіровтың айтуынша, бүгінде өңірде әлеуметтік саладағы 31 нысанның құрылысы жүруде. Оның 19-ы биыл пайдалануға берілмек. Ал, құрылысы жүріп жатқан 11 мектептің 5-уін уақытында іске қоспау қаупі бар көрінеді. Мәселе қаржы тапшылығынан туындап отыр. Сондықтан Үкімет резервінен бюджеттік қаражатты бөлу бойынша тапсырыс жіберілген. Айта кетейік, «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандарына партиялық бақылау бекеттерін орнатты. Бүгінде облыс аумағында сондай 30 бекет құрылды.

Депутаттық фракция мүшелері сондай-ақ азық-түлік бағасына да тұрақты мониторинг жүргізеді. Жиында белгілі болғандай, өңірде бағаны тұрақты ұстау үшін тұрақтандыру қорына 982 мың тонна қант сатып алынған,оның 710 тоннасы сауда нүктелеріне жеткізілді.

Жалпы, Көкшетау қаласының 7 сауда нысанында, атап айтсақ, «Акжол», «Жасмин», «Көкшемаркет», «Шанхай», «Әлихан», «Шыңғыс», «Инмарт» супермаркеттер желісі және «Темірлан» дүкенінде әлеуметтік сөрелер ашылды.

21:12
371
Нет комментариев. Ваш будет первым!