Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Целиноград ауданында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына қатысушыларымен кездесу өтті

Целиноград ауданында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына қатысушыларымен кездесу өтті

Целиноград ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті. Модераторы – аудан әкімі Малғаждар Таткеев болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаны іске қосқаннан бері бүкіл Қазақстаннан 2 мыңнан астам оқиға келіп түскен. Оның ішінде ең қызықты әрі ерекше деген 300-ге жуығы таңдалып алынды. Барлық үміткерлер 6 негізгі бөлімге бөлінген: «Мәдениет және өнер», «Қоғам», «Кәсіп», «Медицина», «Ғылым» және «Спорт». Әрбір адам қалаған үш адамы үшін дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. 2017 жылдың 18 қазанында басталған халықтың онлайн дауыс беруі 10 қарашада аяқталып, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» анықталған еді.

Аталған жобада Целиноград ауданы 20 адам ұсынып, үшеуі республикалық деңгейге өткен: Родина селолық округының әкімі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Белла Газдиева; мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клуб «Мерген» КММ спортшы-нұсқаушысы Вадим Дукарт; «РОМ АГРО» ЖШС директоры Нұрлан Құсайынов. Жобаның жеңімпазы өзінің жетістіктер тарихымен бөліскен Б.Газдиева атанды.

Өзінің алғысын білдіріп, табыстары жайлы әңгімелеп берген округ әкімі: «Ерлікке біздің жұмысымызда күн сайын орын бар. Дауыс берген және сенген барлық адамдарға рахмет, бұл біздің жұмысымыздың мойындалуы», - дейді.

Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған ауқымды жоба елдің тәуелсіздік жылдарында адамдар табысының нақты тарихын көрсетуге арналған. Сонымен бірге, қазіргі заманғы Қазақстан оқиғалары жобаға енгізілуі мүмкін 100 адамнан әлдеқайда табысты адамдарға бай екенін түсіну маңызды.

17:05
3866
Нет комментариев. Ваш будет первым!