Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ауыл азаматтарын кәсіпкерлікке бағыттауда елдімекен әкімдерінің рөлі артпақ

Ауыл азаматтарын кәсіпкерлікке бағыттауда елдімекен әкімдерінің рөлі артпақ

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастырған көшпелі оқу семинарының Көкшетауда осымен екінші кезеңі жүріп жатыр. Оған 8 ауданнан барлығы 90-ға жуық кент, ауыл және ауылдық округ әкімдері қатысуда. Семинарда білімін жетілдірген ауыл әкімдері ауылдықтарды кәсіпкерлікке баулып, бұл бағытта жол сілтей алатын болады.

Оқу процесінде дағдыларды практикада іске асыруға баса назар аударылып отыр. Сондықтан семинар барысында қатысушылар алған білімдерін өзекті кейстерді мысалға келтіре отырып, пысықтауда. Бірі жем-шөп әзірлігі, ірі қара мал өсіріп сүт бағытын дамыту, ірімшік жасау, т.б. бағытта бизнес-жоспарларын қорғап, кездесетін қауіп-қатерлер бойынша жұмыс жасауды үйренуде.

Семинар барысында Аршалы ауданы Анар ауылдық округінің әкімі Сәкен Асилов кооператив құрып, сүт фермасын іске қосу бойынша бизнес-жоспар құрып, оны сәтті қорғап шықты. «Өзіміздің кооперативтің тұрақты 500-дей малы бар деп алайық. Сезонный пайда көреміз деген ойымыз бар. Объем арқылы жетістікке жетуге болады. Тұрақты жұмыспен шамамен, 15-тен 50-ге дейін адамды қамтимыз деп шамалап отырмын».

Осылайша, оқу барысында ауыл әкімдері кооперативтерді ұйымдастыру және өткізу тізбегін құру жүйесін практикалық тапсырмалар арқылы меңгеріп жатыр.

Қорғалжын ауылының әкімі Бауыржан Байқадамов семинарда ауылды скринингтен өткізіп, маркетингілік талдау жүргізуді үйреніп жатқанын алға тартты. «Ауыл экономикасын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындайтын боламыз. Әр аулада болып, олармен сөйлесіп, бейімділігіне қарай бір салаға мамандауымыз қажет болады. Ол үшін қазір біз табысы бар деген бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгерудеміз»,-дейді ауыл әкімі ретінде екі жылдық тәжірибесі бар Бауыржан Шүкенұлы.

Семинар ауыл экономикасын дамытуды және тұрғындардың табыс деңгейін арттыруды көздейтін партияның «Ауыл Аманаты» жобалық кеңсе жұмысының бірінші кезеңі.

Бибінұр Әмірханқызы,

«AMANAT» партиясы

Ақмола облыстық филиалының

баспасөз хатшысы.

18:25
272
Нет комментариев. Ваш будет первым!