Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Партиялықтар да азаматтық таңдауларын жасауда

Партиялықтар да азаматтық таңдауларын жасауда

Бүгін «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова тарихи маңызы зор саяси науқанға қатысып, азаматтық таңдауын жасады.

«Бүгін тәуелсіз еліміздің тарихы үшін атаулы күн. Республикалық референдум жүріп жатыр. Халық өзгерісті күткен еді. Міне, осы референдум - өзгеріс пен жаңашылдықтың бастамасы деп білемін. Әр азамат өзінің таңдауын жасап жатыр. Мен де референдумге қатысып, өз таңдауымды жасадым. Өзгерістерді қолдаймын»,-деп жазады Айна Ермекқызы өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында.

Жалпы, ақмолалықтар республикалық референдумге белсенді қатысуда. Бұл туралы баспасөз беттерінде жарыса жазып жатыр. Ақмола облыстық референдум комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтің айтуынша, облыста барлығы 718 референдум учаскесі, 507 447 дауыс беруші тіркелген.

16:00
470
Нет комментариев. Ваш будет первым!