Ауылдың болашағы – жастардың қолында
Шортанды ауданындағы Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығының базасында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау үшін жыл сайынғы аудан жастарының форумы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Форумның модераторы жастар ресурстық орталығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Ерболат Жапаров. Ал құрметті қонақтары - аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин, аудандық мәслихаттың хатшысы Дархан Отаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Ерғалиев.
Сондай-ақ, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, жастар ұйымдарының белсенділері мен көшбасшылары, аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары, №5 Агротехникалық колледжінің студенттері, «Дипломмен – ауылға!», «Бүркіт», «Жас Отан» мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары қатысты.
Форум аясында Шортанды ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Жапаров сөз сөйледі.
Жастарға құттықтау сөздерін аудан әкімінің орынбасары Е.Мұхамедин де жолдады: «Сіздердің жігерліліктеріңіздің, ынталылықтарыңыздың, тудыру мен қалыптастыруға тілектеріңіздің болуының арқасында біз жеңілдікпен қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырып отырмыз. Сіздер еліміздің болашағы болып табыласыздар! Баршаңызға денсаулық, бейбіт пен жақсылық тілеймін!».
Ауданның жастары атынан №5 Агротехникалық колледжінің 1 курс студенті В.Бобков сөз сөйледі.
Аудан әкімнің алғыс хаттарымен ауылдағы жастар саясатын жылжыту ісінде белсенді азаматтық ұстаным көрсеткені үшін жастардан құралған бір топ марапатталды: ЕрболЖақсыбек, Алтын Мажинова, Кенжебек Анарбек, Максим Скрипниченко, Виктор Бобков, Олег Лихтенберг, Мұхит Хашханбай, Рахат Сабыров, Айман Аман, Жанат Симбеков, Регина Кулеш, Анастасия Мамлеева, Данила Долинный.
Форум ауданның дарынды жастарымен дайындалған концерттік бағдарламамен аяқталды.