Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

АМАНАТТЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚЫЗУ ЖҮРГІЗУДЕ

АМАНАТТЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚЫЗУ ЖҮРГІЗУДЕ

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, маусымның 5-і күні өтетін республикалық референдум бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Ақмола облысында соңғы аптада қыза түскендей. «AMANAT» партиясының республикалық, облыстық және аумақтық штаб мүшелері осы уақытқа дейін 105 мыңнан аса халықты қамтыған 2 мыңға жуық кездесу өткізген. Партиялықтар қажетті ақпаратпен халықтың әр санатын қамтуға тырысуда. Нәтижесінде Ата Заңымызға өзгерістер енгізу бойынша өтетін референдум туралы қарапайым ауыл халқынан бастап, зауыт-фабрикалардың жұмысшылары, медицина, педагогика, мәдениет, ауылшаруашылығы сияқты түрлі сала қызметкерлері мәлімет алып, тарихи маңызы зор шараға қатысудың қажеттілігіне көздерін жеткізуде. Ал бұл өте маңызды. Себебі, референдумда дауысберушілер аталған өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам.

Ал, енді штаб мүшелерінің атқарған жұмысына көз жүгіртіп көрейік. Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова осы уақытқа дейін өңірдің спортшыларымен, медицина, білім беру саласының қызметкерлерімен және статистика, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, қазынашылық жүйесінің мамандарымен, тіпті Зеренді ауданындағы Шағалалы ауылының тұрғындарымен кездесіп, референдум бойынша пікір алмасты.

«AMANAT» партиясының облыстық депутаттық фракциясының жетекшісі Ғалым Бекмағамбетов тек бір күнде 2-3 кездесуден өткізеді. Мәселен, бүгін Ғалым Мәдешұлы еліміз бойынша кірпіш өндіретін Көкшетаудағы ең ірі зауыт жұмысшыларымен және орыс драма театрының ұжымымен тарихи маңызы зор республикалық референдумның мәні мен маңызы және оған қатысудың қажеттілігі туралы әңгіме өрбітті. Саяси тақырыпта тәжірибесі мол болғандықтан, халық қалаулысы мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдумның мәнін әр адамға жеткізуге тырысып бағуда. Ол өз сөзінде «саяси шара туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі ақпарат көп болғанымен, оны қарапайым халыққа жете түсіндіру үшін көзбе-көз кездесулердің мәні зор» деген болатын. Әр адамның тілін таба білетін халық қалаулысының кездесулері жемісті өтетініне күмән жоқ.

Жас депутаттар да халық арасында референдумды барынша түсіндіруге ат салысуда. Игорь Плюснин мен Сұлтанбек Бекешев кәсіпкерлермен және жалпы қала тұрғындарымен сұхбаттасу мақсатында бүгін орталық базарда болды. Нұрлан Сейдаллин «Үстел теннисі» қауымдастығының ұжымымен кездескен.

Көзқарастары қалыптасқан зейнеткерлер де саяси шарадан тыс қалдырылмады. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен республикалық штабтың мүшесі, белгілі жазушы, журналист Жабал Ерғалиұлы сұхбаттасты. Бұл бағытта пікірлерін біліп, өзінің ойымен бөлісті.

Айта кетейік, республикалық референдумның мәнін, Ата Заңға нақты қандай өзгертулер енгізілетіні жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бүгінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, республикалық партия штабының мүшелері тартылды. Халық қалаулылары Мәди Елубаев, Асқарбек Үйсімбаев, Юлия Кучинская мен Марат Құсайынов Ақмола облысының барлық дерлік аудандарында болып, ауыл халқымен жүздесуде. Тек екінші толқын кезеңінде (26 мамырдан 3 маусымға дейін) мәжілісмендер 12600 тұрғынды қамти отырып, 100-ге жуық көшпелі кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Осы күнге дейін халық қалаулылары Ақмола облысының 76 елді мекенінде 106 көшпелі кездесу өткізді, оған 3508 адам қамтылды.

Сапар барысында депутаттар халықты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша кері байланыс орнатуды да мақсат етуде.

Бибінұр Әмірханқызы,

«AMANAT» партиясы

Ақмола облыстық филиалының

баспасөз хатшысы

21:48
359
Нет комментариев. Ваш будет первым!