Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жұмысын жалғастыруда

Ақмола облысы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жұмысын жалғастыруда

Ақмола облысы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова 250-ден астам қызметкері бар Қ.Құрманбаев атындағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері қызметкерлерімен кездесті. Референдумның маңыздылығын түсіндіріп, оның халыққа не беретінін айтты.

«Референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Бұл Жаңа Қазақстан құрудың алғышарты. Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазқстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз»,-деді өз сөзінде Айна Ермекқызы.

Алдағы референдумнан ақ халаттылардың үміті көп. Олар Президенттің рефораларын қолдайды және халықтың әл-ауқаты біртіндеп жақсаратынына сенімдері мол екендерін жеткізді. Ата Заңға нақты қандай өзгерістер енгізілетін мұқият тыңдаған олардың өзіндік сұрақтары да болды. Бұл әрине, диспансерде қызмет ететін мамандардың еңбекақысын көтеру және зейнет жасын төмендетуге қатысты болды. Бұл мәселелер бойынша Айна Ермекқызы қысқаша түсіндіру жұмысын жүргізіп, республикалық деңгейдегі тақырып болғандықтан, әлі де қызу талқыланып, жан-жақты сарапталып жатқанын айтып кетті.

Айта кетейік, бүгінде облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде 100-ден аса науқас емделіп жатыр. Олар да елдегі саяси маңызы зор тарихи референдумға қатысуы үшін диспансерде сайлау учаскесі ашылатын болады. Ал, қазірде науқастар арасында референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын мұндағы «Парасат» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Александр Григориев жүргізуде.

Ақмола облысы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб осы күнге дейін халықтың түрлі санаты қамтылған 2000-нан астам кездесу өткізген. Нәтижесінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен 70 мыңнан астам халық қамтылып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

21:33
313
Нет комментариев. Ваш будет первым!