Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысының Үкіметтік емес ұйым өкілдері референдумды қолдап отыр

Ақмола облысының Үкіметтік емес ұйым өкілдері референдумды қолдап отыр

Ата Заңға өзгертулер енгізу бойынша 5-ші маусымда өтетін республикалық референдумды Ақмола облысының бірқатар үкіметтік емес ұйым өкілдері қолдап, дауыс беруге дайын.

Көкшетаудағы «Гражданский Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ирина Терентьева «Біреудің өмірін қию емес, мемлекеттің басты мақсаты - халыққа өмір сүруге жағдай жасау»,- дей отыра, Конституциядан өлім жазасының алып тасталуын барынша құптайтынын жеткізді. «Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар. Ендеше,Жаңа Қазақстан үшін, Әділетті ел үшін біз, халық болып дауыс беруіміз қажет»,-деп ағынан жарылды.

Айта кетейік, облыс орталығындағы Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова кездесіп, Ата заңға енгізілетін өзгертулердің маңызы туралы пікір алмасқан болатын.

«Референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Бұл Жаңа Қазақстан құрудың алғышарты. Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазқстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз»,-деді өз сөзінде Айна Ермекқызы.

Кездесуден кейін өз ойларымен бөліскен көкшетаулықтар Президенттің реформаларын қолдайтынын, сондықтан алдағы референдумға қатысатындықтарын алға тартты.

«AMANAT» партиясы

Ақмола облыстық филиалының

баспасөз қызметі. 

13:28
283
Нет комментариев. Ваш будет первым!