Ұстаздар – алдынғы қатарда
Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы AMANAT партиялық фракциясының мүшелері Ғалым Бекмағамбетов, Елена Мащинская және Омар Шоназаров Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінің педагогтарымен кездесті.
Ақмола облыстық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ғалым Бекмағамбетов атап өткендей, тақырыбы алдағы 5 маусымда болатын референдум жайындағы кездесу қонақтар мен мектеп иелерінің үлкен өзара қызығушылығымен өтті.
«Мұғалімдер мен дәрігерлер біздің қоғамның ең жоғары адамгершілік және жоғары кәсіби бөлігі болып табылатыны менің өмірлік тұжырымдамам тағы бір айқын растау алды. Бұл кездейсоқ емес, әйтпесе осылай болуы мүмкін емес еді. Кездесуге біз өз балаларымызды сенім артатын, өз білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын күнделікті өз еңбектерімен балаларға беріп, сол арқылы жаңа Қазақстанды құратын болашақ ұрпақты қалыптастыратын жандар қатысты. Мұғалімдер, менің әріптестерім қысқа репликаларда, түсініктемелерде, пікірлерде ҚР қолданыстағы Конституциясының мәтініне енгізілген түзетулер мен өзгерістерге өздерінің қолдауын және мақұлдауын білдірді. Бұл ретте Президент Қ.К. Тоқаевтың біздің қоғамды саяси қайта құру бойынша қабылдаған шараларының өзектілігі мен уақтылығын атап өтті.

Педагогтар түзетулердің мазмұны мен мағынасына жоғары құзыреттілігін танытты. Конституциялық реформаның бағыттары: суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу; Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту, халықтың елді басқаруға қатысуы мен кеңейтуі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді мұғалімдер қолдайды. Кездесудің қорытындысы осындай. Мен мұғалімдердің өз ойлары мен іс-әрекеттерінде Президентпен бірге: «Біз жаңа Қазақстанды бірге құрамыз!» деп айтатын алғашқылардың қатарында екеніне сеніммен айтамын», -- деп бөлісті Ғалым Мәдешұлы.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.
