Қоғамдық қабылдау: әр адамның өтініші мен ойпікірі мұқият тыңдалды
Елордасы Нұр-Сұлтанның маңайында орналасқан Целиноград ауданының елдімекен тұрғындарын алаңдатып отырған мәселелерді шешуде іс-әрекетті үйлестірудің маңызы зор.
Аудан орталығы Ақмолдан 100 шақырымнан аса жерде орналасқан Тасты ауылдық округіне 3 ауыл кіреді. «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы шалғай елдімекен халқымен жүздесіп, ауылдың түйткілдерін білу мақсатымен аталған округке ат басын тіреді.
Құрамында облыстық мәслихат депутаттары барын естіген жергілікті халық қабылдауға көрші Тастақ пен Ақмешіт ауылдарынан да жазылған. Әрқайсысының алға тартқан уәждері ауылдың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға байланысты болды.
Алтыбай Балмағамбетов, жергілікті қауымдастықтың төрағасы: «Аmanat» партиясы келгенін естіп Ақмешіт ауылынан келіп тұрмыз. Біздің ауылдың мәселелерін айтайын деп. Біздің ауылда мектеп салынбай жатыр. Ескі мектеп, спортзал жоқ. Актовый зал жоқ. Клуб жұмыс істемейді. Осындау мәселелер көп ауылымызда».
Сайра Әйтенова, облыстық мәслихат депутаты: «Встретились с жителями Тасты, Тастақ, Ақмешіт. И очень много проблем, которые поднимались сегодня. Выслушали. Я думаю, что в основном все вопросы есть в Дорожной карте. Есть даже ПСД, есть экспертиза. Поэтому будем направлять депутатские запросы, почему не выделяются деньги. Конечно, те вопросы, которые поднимали жители по оттоку населения, отсутствию медработников, отсутствию воды, огорчают. Отток идет, но есть рабочие места. Люди уезжают из-за отсутствия школы и благополучия в целом, поэтому очень необходимо решение данных вопросов, в кратчайшие сроки будем поднимать все эти вопросы на областном уровне и будем добиваться решения проблем»
Ал, ауыл азаматы Сәрсенгелді Ермұхамбетов елдімекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйесі салынғанын қалап, партиялықтардан қолдау сұрады.
Сәрсенгелді Ермұхамбетов, ауыл тұрғыны: «Ауылдықтардың алға тартқан өтініштері орынды-ақ. Сондықтан партия мәселенің оң шешілуін тездетуге ат салыспақ»
Ауылдықтарды сондай-ақ, Тасты ауылының ішкі жолдарын жөндеу мәселесі алаңдатуда.
Ғалия Баттакова, ауыл тұрғыны: «Сондай-ақ, жастарға арналған спорттық инфрақұрылымның жоқтығы, ауылдық клубты жөндеу, Тастақ ауылында мектеп салу мен аудан орталығына апаратын жолды жөндеуден өткізу сияқты сұрақтар мазалайтыны анықталды. Жол демекші, аудан орталығымен байланыстыратын жолды қиыршық тас тасымалдайтын ауыр жүк көліктері әбден бүлдірген. Алайда, карьер иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезінуге әлі асықпайтын сыңайлы»
Мобильді қабылдау бөлмелерінің жұмысына қатысқан облыстық мәслихат депутаттары, яғни партия фракциясының мүшелері, облыстық филиалдың Саяси кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері жергілікті халыққа сұрақтарының шешілуі бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Жалпы, халықтың барлық сұрақтары сараланып, топтастырылып, жауапты мекемелер белгіленеді де, нақты орындалу мерзімі анықталатын болады,-дейді халықты партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақманат Әлімбетова. Ауыл халқының айтқан өтініштерінің оң шешілуі партияның бақылауында болады.