Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Кедергісіз келешек» жобасы аясындағы мониторинг

Кедергісіз келешек» жобасы аясындағы мониторинг

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы мен «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау аясында биыл Ақмола облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 258 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспарланған. Тек Көкшетау қаласы бойынша биыл 25 нысан бейімделуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Ал, олардың қаншалықты сапалы, әрі уақытылы бейімделуін партия мүшелері мен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарынан құралған қоғамдық бақылау аймақтық мониторингтік тобы бақылап қайтты.

Көкшетау қаласындағы білім және мәдениет нысандарының 4-уін тексерген мониторингтік топ өкілдері бірқатар кемшін тұстарды анықтап, оларды жою бойынша нысан жетекшілеріне ұсыныстарын қалдырды. Мәселен, Мәлік Ғабдуллин музейі мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тек жартылай бейімделген болып шықты. Ал, көтеру механизмі талапқа сай емес, тіпті жарақат алу қаупі бар болғандықтан, оны ауыстыру қажет,-деді мониторингтік топ өкілдері. Көру қабілеті төмен азаматтарға арналған мнемосхемалар да талапқа сәйкес еместігі анықталды.

Одан кейін бейімделуден өтті деген білім беру нысандары тексерілді. Олардың қатарында Көкшетау жоғары медициналық колледжі, Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің №2 студенттер үйі бар. Соңғысында көтерме механизмі және оларға кедергісіз өту жолы талапқа сәйкес еместігі анықталып, кемшілікті жою бойынша ұсыныстар айтылды.

16:58
420
Нет комментариев. Ваш будет первым!