Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Аршалы ауданының индустриялық-инновациялық дамуы қалай жүріп жатыр?

Аршалы ауданының индустриялық-инновациялық дамуы қалай жүріп жатыр?

Ақмолалық БАҚ өкілдері Аршалы ауданының индустриалдық-инновациялық дамуы ИИДМБ мемлекеттік бағдарламасы аясында баспасөз турына барды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын қолдаушылардың бірі Жалтыркөл селосындағы «Forte metal» ЖШС болып табылады. Оның атқарушы директоры Сергей Дзюбаның айтуынша, кәсіпорынның ашылғанына 2 жыл болған. Зауыт барлық фракцияны қамтитын қиыршық тас шығарады. Заманауи, европалық сапада шығарылатын қиыршық тастар Астана қаласына және басқа да өңірлерге жол жөндеу жұмыстарына жіберіледі. Кәсіпорын жұмысшыларының 30%-ын жергілікті тұрғындар құраса, қалғаны аудан азаматтары. Оларды тасымалдайтын жеке автобус та бар. Атап өту керек, «Forte metal» ЖШС Жалтыркөлден Астана-Екатеринбург трассасына дейінгі 3 шақырымдай жолға жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Анар станциясында орналасқан «Аян» диірмен-макарон кешені ағымдағы жылдың қыркүйек айында ғана ашылған. «Бізде жұмыс орны өте көп, тәулігіне диірменде – 15 адам, макарон цехында – 20-22 адам қызмет етеді. Бүгінде тек табиғи өнімдерді ғана шығарамыз», - дейді Елена Ким. Кешеннің қазірдің өзінде Қырғызстан мен Өзбекстанда серіктестері бар. Ал Ауғанстанға тәжірибе ретінде ұн жіберілген. Бірінші және жоғары сападағы ұндарын Астана мен Көкшетау қалаларындағы бала-бақшалар мен наубайханалар, асханалар тұтынады. Сондай-ақ, 11 қараша күні Көкшетау қаласындағы жәрмеңкеге қатысуды жоспарлап отырғандарын да айтты.

Түрген ауылдық округінде 3 жылдан бері «Кабель-КТ» ЖШС электр өндіруші цех жұмыс жасайды. Кәсіпорынның коммерциялық директоры – Дмитрий Немченконың айтуынша, «Кабел-КТ»-да шығарылған электр кабельдері Астана қаласындағы жаңа үйлердің құрылысында пайдаланылған. Сағатына 6 тонна өндіретін цех бір айда 10 тонна электр кабелін шығарады. Екі ауысымда жұмыс істейтін цехта тәулігіне 3 адам қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша, «Балапан» бағарламасының аясында Аршалы ауданында Самархан Өмірхан есімді азамат жеке-меншік «Қарлығаш» бала-бақшасын ашқан. Бала-бақша 80 баланы қабылдайды. Төрт топқа бөлінген балалардың жасы 2-ден 6-ға дейінгі аралықта. Екі топ мемлекеттік тілде, екі топ орыс тілінде. Мұнда ауданға шартты түрде келген әскери мекеме қызметкерлерінің де балалары келетіндігін атады. Сонымен қатар, алдағы уақытта балаларды тасымалдайтын көлікпен қамтамасыз етуді қолға алып жатыр. Айта кету керек, Самархан Жалтыркөл ауылында да бір жыл бұрын 50 орындық бала-бақша ашқан.

«Қарлығаш»-қа 3 жасар қызын әкелген Жібек Рамазанова есімді ата-ана қуанышын, ризашылығын білдірді. Мұндағы тәрбиешілердің де тәжірибелігін айта кетті.

Аршалы ауданының Волгодоновка ауылында Аян Нұғман жылыжай шаруашылығын қолға алған. Қазіргі уақытта жылыжайдың құрылысы қызу түрде жүріп жатыр. Жоспар бойынша 1000-1200 шаршы көлемді жылыжайда тәулігіне 30 адамдай жұмыс істейтін болады. Шаруашылықтың директоры Аянның айтуынша, биылғы өнімді Астана қаласына жіберіп отырған. Алдағы уақытта қиярдан бөлек салат жапырақтарын, томат пен картоп өсіруді де қолға алмақшы.

10:13
4018
Нет комментариев. Ваш будет первым!