Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

ҚОРҒАЛЖЫН КОМАНДАСЫ — ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

ҚОРҒАЛЖЫН КОМАНДАСЫ — ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Мүфтияттың бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде шағын футболдан республикалық жарыстың іріктеу ойындары ұйымдастырылып, Көкшетау қаласында аудандар арасында жарыс өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ұлы дала жастары» деп аталатын бұл турнирдің облыстық біріншілігі Көкшетау қаласында ұйымдастырылды. Мұнда өз өңірлерінде жүлделі орын алған он бес команда қатысты.

Іріктеу ойындарының ашылуында сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит спорттың шариғаттағы алатын орны жайлы айтты. Бұл шара мешіт жамағатын бір-бірімен жақындастыра түсетінін атап көрсетті.

Жеребе тартылған соң командалар «Қажымұқан» және «Триатлон» спорт кешендерінде өзара сайысқа түсті. Барлық командалар бабында екенін көрсетті.

Жартылай финалға төрт команда шығып, бас жүлде Қорғалжын ауданының теңбіл доп шеберлеріне бұйырды. Қалған жүлделі екі орынды Сандықтау және Ерейментау футболшылары өзара бөлісті. Қуаныш Сәбит жарыстың қорытындысын шығарып, жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақыларды табыс етті.


16:48
4731
Нет комментариев. Ваш будет первым!