Құрбан шалудың төрт амалы
Бүгінгі брифинг барысында құрбандық шалудың амалдары жөнінде ҚМДБ-ының Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит баяндап берді, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Облыс имамы өзінің журналистерге арнаған кіріспе сөзінде ислам күнтізбесіндегі бұл айшықты мерекенің тарихы мен тағылымы жайлы айтып берді. Осы мерекеде орындалатын ең басты рәсім – Құрбан шалу парызын орындаудың амалдарын да тілге тиек етті. Журналистер назарын шалынатын малдың және кімдер құрбан шала алады деген сауалға аудара отырып, биыл құрбан шалатындар үшін қаламыздағы арнайы мал сою орындары дайындалғанын және осыған байланысты іс-шаралар өткізетінін атап көрсетті.
Сонымен бірге, бұл мереке күні орталық мешітпен ұйымдастырылатын іс-шаралар бағдарламасы жайлы да өз ойын білдірді. Мысалы, Құрбан айттың алғашқы күні, атап айтсақ, 1 қыркүйек күні таңғы сағат 08.00-де облыс мешіттерінде Айт намазы оқылады.
Бұл мерекелік намаздың да өзіндік сыры бар. Осы намаз орындалғаннан кейін ғана құрбан шалу рәсімі басталады.
Мешітте Құрбан айт мерекесіне қатысты шаралар өтеді. Қайырымдылық істерге назар аударылады.