Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Мәлік Мырзалин ақмолалықтарды Конституция күнімен құттықтады

Мәлік Мырзалин ақмолалықтарды Конституция күнімен құттықтады

Көкшетау қаласында Конституция күнін тойлау басталып та кетті. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин ақмолалықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін қалалық «Менің Қазақстаным» сәулеттік композициясы алаңында Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Облыс әкімі қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

Ары қарай Ақмола облысына мол еңбегі сіңіп жүрген азаматтарға әкім алғыс хат, ал 16 жасқа толған жасөспірімдерге салтанатты түрде жеке куәліктерін табыс етті.

Мерекенің жалғасы әсем әнмен жалғасын тапты. Сонымен қатар, көк байрағымызды желбіреткен автокөліктер, велошабандоздар мен байкерлер облыс орталығының басты көшелерінде велошеру ұйымдастырды. Ал қала тұрғындарын кешке мерекелік концерт күтіп тұр.

09:33
4452
Нет комментариев. Ваш будет первым!