Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облыстық БАҚ-тың баспасөз-туры

Ақмола облыстық БАҚ-тың баспасөз-туры

2017 жылдың 26 тамызында Ақмола облысының БАҚ өкілдері Қорғалжын ауданында баспасөз-турында болды. Бағдарлама бойынша, журналистеріміз Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында, көлдер мен табиғат аясында, «Қаражар» демалыс орнында болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-сапардың алғашқы аялдамасы – ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи мұрасы Қорғалжын мемлекеттік мұражайы болды. Мұражай 2008 жылдан бастап жұмыс жасайды. Мұнда жергілікті табиғатпен танысып, қорық жайында, жалпы аудан жайында мол ақпарат алды.

Ары қарай көлдерін аралап, Қызыл кітапқа енген фламинго құстарын көруге мүмкіндік болған. Фламинго құсынан бөлек, Қорғалжын көлдерімен, балығымен де ерекшеленетіні байқалды.

Айта кетерлігі, журналистерімізбен қатар бұл жерге Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне келген Германиялық туристер де барған. Қорғалжынның табиғатымен, қорығымен интернет желілері арқылы ғана таныс қонақтар енді бұл тамаша құстарды өздері тамашалауға келген. Қорық қызметкерлерінің айтуынша, шетелдіктерді еліміздің табиғаты өте қызықтырады, келушілердің қатары да арта түскен.

Қорғалжынның табиғаты Германиялық қонақтарымызды ды, жергілікті журналистерімізді де таңдандырғаны анық.

18:46
4778
Нет комментариев. Ваш будет первым!