Жоғарғы Сот Төрағасы Бурабай аудандық сотына жұмыс сапарымен келді
Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысының Бурабай аудандық сотына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында судьялар және сот қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Қ.Мәми судьялармен кездесу барысында соттармен Ұлт жоспары аясында реформалар табысты іске асырылып, Елбасының Судьялардың жетінші съезінде қойылған тапсырмаларды орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде деп атап өтті.
Жоғарғы Соттың Төрағасы соттың қызметі мен материалдық-техникалық жабдықталуына оң бағасын берді. Бурабай ауданы туристердің қызықтыратын өңірі болғандықтан, Бурабай аудандық соты сот төрелігін іске асыруда үлгі болу керек деп атап көрсетті. Бұл судьялар корпусы мен сот қызметкерлеріне тиісті жауапкершілікті жүктейді. «Сіздердің жұмыстарыңыздан біздің еліміздегі сот төрелігінің даму деңгейі жөнінде шетел туристерінің ойы қалыптасады. Осыған байланысты сіздер сот жұмысын ұйымдастыру бойынша барлық мәселелеріне көңіл аударуларыңыз керек, олар: құжаттарды қабылдау, процессуалдық сұрақтарды дұрыс түсіндіру, сот отырыстарын сауатты жүргізу, шығарылған шешімдерді уақытылы беру. Мұндайда ұсақ-түйекке жол берілмейді» - деді Жоғарғы Соттың Төрағасы.
Қ.Мәми судьяларға сот төрелігін іске асыру бойынша жұмыс сапасын арттыруға, медиацияны дамыту бойынша жұмысты белсендетуге, аудио және бейне тіркеу жүйесін және сот іс жүргізуінде ақпараттық сервистер мен мемлекеттік тілді қолдану және БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша жұмысын бақылауда ұстауға тапсырма берді.
Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың Төрағасы соттың жұмысымен танысып, сот отырысының залдарын аралап көрді. Төраға ақпараттық сервистерді, аудио және бейне тіркеу мен «Сот кабинетін» қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Бүгінгі таңда Бурабай аудандық сотының барлық сот залдары аудио және бейне тіркеудің автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған. Оны қолданудың көрсеткіштері 99,9 %-ды құрайды. Сотта медиация кабинеті жұмыс істеп тұр, азаматтарға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін компьютер орнатылып жағдай жасалған.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі