Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Аудио-бейне тіркеу жүйесі» сот процестерін техникалық тіркеуге арналған

«Аудио-бейне тіркеу жүйесі» сот процестерін техникалық тіркеуге арналған

Сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды ақпараттық технологиялардың бірі ол – аудио-бейне тіркеу жүйесі.

Баршаңызға мәлім Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 10 қадамын (16-26 қадамдары) орындау Сот жүйесіне жүктелген болатын. Осы «100 нақты қадамның» 20-шы қадамында Заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін барлық сот процестерінде бейне және таспаға жазушараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциалауға мүмкіндігі болмауы тиіс деп көрсетілген болатын.

«Аудио-бейне тіркеу жүйесі» сот процестерін техникалық тіркеуге арналған: оқиғаның басталуы, оқиғаның атауы, қатысатын адамдар және қысқаша түсініктер, соттың құрамы туралы мәліметтер, істің нөмірі және т.б. хронологиялық кезеңділікпен көрсетілетін сот отырысының қысқаша хаттамасын жасау АБТ жүйесі жұмысының нәтижесі болып табылады.

АБТ жүйесінің функционалдылығына келер болсақ, сот отырысын цифрлы аудио-бейне жазып алуға, сот отырысының қысқаша хаттамасын жасауға мүмкіндік беріп отыр. Аудио-бейнетіркеуді жүргізер алдында сот отырысына қатысушылар бойынша деректер енгізу мүмкіндігі, облыстық соттардың локалдық серверінде және Жоғарғы Соттың орталық серверінде аудио-бейне файлдарды және ілеспе ақпараттардың сақталуына жол беріп отыр. Сот органдарының (сот ісін жүргіу бөлігінде) ақпараттық жүйелермен және «Сот кабинеті» секілді басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілген.

Енді статистикалық мәліметтерге келетін болсақ, Ақмола облысының 25 сотында 85 сот отырыс залдары бар, олардың барлығы 100 пайыз АБТ жүйелерімен қамтамасыз етілді.

АБТ жүйесін соңғы жылда қолдану көрсеткіштерін салыстырмалы түрде қарағандағы көрініс келесідей:

-2018 жылы жалпы қаралған 17 496 істің 15807 ісі немесе 90,35 пайызы АБТ құрылғыларын қолдану арқылы қаралған.

-2019 жылы 1 тоқсанында 3 404 істің 3 404 ісі немесе 100 пайызы АБТ құрылғыларын қолдану арқылы қаралған.

Сыздықов Ержан,

Ақмола облысы бойынша

Соттар әкімшісінің бөлім басшысы

11:42
800
Нет комментариев. Ваш будет первым!