Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Билердің қызметі

Билердің қызметі

Билердің, еңалдыменәділшешімшы­ғаруменатышығып, соларқылыатағыаспандайтыныөтірікемес. Қазақ даласында олар тағайындалмаған да, сайланбаған да. Өзінің білгірлігімен, даналығымен аты шығып, аты ауызға ілігіп, халықтың ойынан шыққан. Олар халық арасында тек жеке қасиеттерімен ғана танылып қоймай, бірнеше сатылардан тұратын сыннан сүрінбей өту керек болған. Билер екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған». Бұл арада «шешім міндетті түрде орындалған» деген сөзге ерекше назар аудартқым келеді. Қазірде жұрт билерді тек қана судья­лар­дың орнына қоюға бейім. Алайда, сол кездегі билердің мін­деті сан салалы болғаны анық. Бидің өзі де, билігі де түп-тамыры халық тари­­хына байланысты. Сол себепті ол бе­делді, дәстүрлі билік қатарында болды». Би қазақтың құқықтық дә­с­түр­лерінің сақтаушысы ретінде көрі­ніс тапқан. «Сонымен қатар, би – Ұлы да­ла құқығын еркін талқылаушы, әрі оның нормаларын қоғам өзгеруіне сай қолданушы». Биге «құқықтық дәс­түр­лерді сақтаушы» деп сипаттама беруі оларды прокурорлық қадағалау қыз­метіне тіпті жақындата түседі. Яғ­ни, олар дала ережелерінің сақталуы мен мүл­тіксіз орындалуын қадағалап отырған. Иә, шындық пен әділдікке жету қазақ құқығының, оған негізделген билердің соттық шешімдерінің түпкі негізі, түпкі мақсаты саналғаны ақиқат нәрсе. Би­лер сотында қазіргі сот процесіне қаты­су­­шылардың, яғни сот, прокуратура, адвокатура элементтерінің бәрі де болғаны даусыз. Билер осы функция­лардың бәрін атқарып отырған. «Ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, ми­ли­ция­ның да, қаншама мекеме, ұйым бас­шы­ларының да қызметін атқарып кел­ген ғой», деген сөзі шырайы келген шындық. Билер сотындағы әділдікке жетудің үлкен бір жолы сайысушылық процесі болды. Яғни, шындыққа жету жолында сөз таластыру. Алайда, сөз сайысында билер қызыл тілдің қыздырмасына бой алдырып, бет­алды сөйлей бермеген. Олар сөздің дәмінен, мәселенің мәнінен ешуақытта айырылмаған. Дала заңдылығының қайнар көзі ұлттық салт-дәстүрлер десек, осыған сай заң нормаларына сү­йен­ген билер көркем сөзбен, кес­телі оймен қаралып отырған дау-дамайды рет-ретімен тар­қа­тып беріп отырған ғой. «Билер соты қазақ халқының салт-дәстүрлерінен бастау алады. Жұртшылықтың сый-құрметіне ие болған адам ғана би атанған.

Көкшетау қалалық сот кеңсесінін

бас маман сот мәжілісінің хатшысы 

А. Ибраев

15:08
1498
Нет комментариев. Ваш будет первым!