Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасының жаңа кезеңіне жол ашатын және мемлекет болып қалыптасудың тұғыры, әлеуеті зор, қуатты елдің мерекесі.

Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан, Алаш баласының басына бақ орнаған тарихи күн болып отыр.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы болып табылады.

Мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және басқа да рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Осы аз уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасуда. Мәдениетті, өнерді, экономиканы, білім мен ғылымды ұштастырып өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында «Қазақстан – 2030» Стратегиясы мерзімінен бұрын іске асты. Қазіргі таңда еліміз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздейтін «Қазақстан – 2050» Стратегиясында және «Ұлт Жоспары-100 нақты қадамда», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»атты бағдарламалық мақалаларында және Қазақстан халқына Жолдауындағықойылған міндеттерді орындау бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

Ұлт Көшбасшысының қажырлы еңбегінің арқасында береке – бірлігіміз нығайып, әлемдік аренада бейбітшілік сүйгіш, ынтымағы жарасқан көпұлтты мемлекет ретінде төрткүл дүниеге танылып, бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі биіктерге жеткізудеміз.

Осынау мағынасымен мемлекеттік маңызы зор мерекеде баршаңызға зор денсаулық, қажымас - қайрат, талмас - қанат, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

Ақмола облыстық сотының төрағасы

Досжан Сарманқұлұлы Әміров 

11:41
950
Нет комментариев. Ваш будет первым!