Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Ақсақалдар» алқасын құру және олардың өкілеттігі мен қоғамға ықпалы

«Ақсақалдар» алқасын құру және олардың өкілеттігі мен қоғамға ықпалы

Қоғамның өркениетті дамуы үшін дауларды шешудің басқа да, соның ішінде сот ісіне тәуелді емес тиімді жолдарын дамытудың маңызы зор. Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздегі жүргізіліп отырған сот реформалары, ұлттық əділ соттың қалыптасу тарихына көзқарасты өршітіп, оның генезисі мен эволюциясының негізгі сатыларына деген қызығушылықты тудыруда. Мемлекеттік-құқықтық реформалар өткен саяси-құқықтық институттардың түбегейлі өзгерістерінің сабақтарын жəне отандық тарихи тəжірибелерін өз бағдарламалары мен жоспарларында көрсетуі керек, себебі ұлттық əділ соттың жетістіктері жоғарыдағы шарттармен тікелей байланысты əрі соған тəуелді.

«Ақсақалдар» алқасы ауылдық елді мекендерде құрылған, сол ауылдың қария және беделді сол мекеннің халқына сөзі өтімді атақты адамдардан құрылған алқа. Олар сол елді мекенде болып жатқан мәселелерді талқылап, ортақ шешімін тауып, туындаған жер, мүлік және отбасы дауларын сотқа жеткізбей бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрып нормалары негізінде шешіп отырады.

Сонымен қатар, «Ақсақалдар» алқасымен азаматтық құқықтық қатынастар саласынан басқа отбасылық қатынастағы ұсақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы даулар, ауырлығы орташа және онша емес ауырлықтағы қылмыстар, яғни мал ұрлығы, денсаулыққа келтірген орташа дене жарақтары т.б. қылмыстарды да «Ақсақалдар» алқасының қарауымен шешімін табуына болады. Қазіргі кезде дауларды тек сот шешеді деген көзқараз санамызда қатып қалған. Сәл дау туындаса болды сотқа жүгіреміз даудың бәрін сотта шешу мүмкін емес және сотпен шығарылған шешім екі жақты да қанағаттандырмайды.

Қазіргі кезде осы ата бабамыздан қалған игі іс «Ақсақалдар» алқасын әрі қарай жалғастырып, көптеген дауларды сотқа жеткізбей шешіп отырған, қаймағы бұзылмаған ауылдық елді мекендер баршылық. Бірақ көп емес. «Ақсақалдар» алқасы институттын құру және олардың қызметін заңмен реттеу артықтық етепес еді. Өйткені қазіргі кезде әр ауылдық елді мекендерде аудан әкімдігінің тізілімінде тіркелеген кәсіпқой емес медиаторлар бар.

Ерейментау аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі Т.Бертанов

15:59
945
Нет комментариев. Ваш будет первым!