Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Құрметті азаматтар, Ақмола облысының тұрғындары!

Құрметті азаматтар, Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді арқаның төрінде асқақтаған Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласына - 20 жыл толып отыр.

Астана тәңір қолдап, қайсыбір ақындар жырлағандай, бәйшешектей балауса, бой-тұмардай қасиетті, маңдайлы, ақжүзді, ару шаһарға айналып, әсем көріктілігімен, оқаланған, сәнді әшекейленген келбетімен шырайланып, гүл-гүл жайнап, құлпыра өсіп өркендеуде. Оның бүгінгі еріксіз тамсандырар сән-сәулетіне Қазақстан халқы ғана емес, өзге мемлекеттердің де назары ауып, тарих үшін қас қағым уақытта осындай абатты қаланың бой көтергеніне таңқалыстарын да білдіріп жатыр.

Азия мен Еуропаның, Батыс пен Шығыстың бел ортасында бой көтерген Астана қаласы бүгінгі таңда алуан түрлі ұлттар мен діндердің де тоғысып, жарасым тапқан орталығына айнала бастағанын мақтанышпен атап өтуге тұрарлық.

Сонау өтпелі кезеңнің қайнаған ортасында, Елбасының 1997 жылғы қазанның 20-сында «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты. Бұл күнді – әлем дамуы мен түркі халықтары тағдырындағы елеулі күн деуге әбден негіз бар. Содан бері, Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың әлем картасында пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ, 1997 жылдан бастап бұрынғы далалық Целиноград қаласы қазіргі заманның динамикалық заңдылығына сәйкес қарқынды өзгеруде. Бұған дейінгі ту тігіп, тұғыр қаққан Орынбор, Ақмешіт, Алматы сынды астаналарымыздың дәстүрлі мәдени-саяси эстафетасын қағып алған жас қала ә дегеннен бас қалаға айналды.

Қадірменді әлеумет, Сіздерді осындай еліміздің елдігін нығайтып, абыройын асқақтататын мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңыздың амандығын, жандарыңыздың салауаттылығын, елдің бірлігін, ұлттың ұлылығын тілеймін!

Игі тілекпен,

Ақмола облыстық сотының төрағасы

Досжан Әміров

10:52
1457
Нет комментариев. Ваш будет первым!