Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Мың бұралған Ұлы Дала ордасы

Мың бұралған Ұлы Дала ордасы

Степногорск қаласының әкімшілігі Ақмола облысы Мәдениет басқармасының қолдауымен Жастар сарайының сахнасында елордалық тыңдаушыларына бір актілі «Мың бұралған Ұлы Дала ордасы» балетінің премьерасын ұсынды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Бұл жоба Степногорск қаласының елорданың 20 жылдығына арнаған сыйлығы болды. Балеттің музыкасы мен либреттосын Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, өнер шебері және мәдениет бөлімінің басшысы Айсұлу Тани жазды. Ал режиссер-хореографы – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының хореографы - Гүлмира Ордабаева. Балеттің жеке орындаушылары - Медина Нұрмағамбетова және Тимур Борисов.

Балет әрқайсысы астананың көрікті жерлерінің сұлулығын сипаттайтын 10 суреттен тұрады. Хореография академиясы, «Шабыт» шығармашылық үйі, Бейбітшілік пен келісім сарайы және тағы басқалары басты кейіпкерді сәулет өнерінің әсемдігімен таң қалдырып, жақсы көзқарас қалыптастырады. Мұнда нәзік сезімдер мен алғашқы махаббатсыз болған жоқ, өйткені Астана - арман мен үміттің қаласы! Балетке 116 адам қатысты. Ал, басты ерекшелігі - хореографияның 4 түрлі бағыты - балет, халықтық, қазіргі заманғы, бал билерінің бірігуі болды. Сонымен қатар, барлық балет әртістері қаланың әуесқойлық топтарының оқушылары, атап айтқанда, халықтық балет студиясы, «Серпантин», «Радуга», «Эксклюзив», «Нұр» ансамбльдері.

16:23
3194
Нет комментариев. Ваш будет первым!